2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Kcell ұялы байланыс операторының таза пайдасы 3,3 есе – 17,8 млрд теңгеден 5,49 млрд теңгеге дейін азайды, делінген Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған қаржылық есепте.

Сатып алушылармен жасалған келісімшарттар бойынша табыс 116,8 млрд теңгені, мемлекеттік субсидиялардан түскен табыс 2,9 млрд теңгені құрады. Өнімнің өзіндік құны 90,3 млрд теңгеге дейін өсті, нәтижесінде жалпы табыс өткен жылмен салыстырғанда 18,8% азайып, 29,4 млрд теңгені құрады. Әртүрлі шығын баптарынан кейін операциялық пайда 16 млрд теңгеге дейін төмендеді (2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 1,6 есе аз). Салық төлегенге дейінгі пайда 7 млрд теңгені құрады (3,4 есе аз).

Жыл басынан бері компанияның активі 2,5% өсіп, 401 млрд теңгеге, міндеттемелері – 1,9%,  224 млрд теңгеге, капиталы – 3,2%, 177 млрд теңгеге дейін өсті.

Компанияның есебіне сәйкес, Kcell-дің есеьінде 7 млрд теңгенің телефоны мен аксессуарлары, 290 млн теңгенің бастапқы пакеттері, 153 млн теңгенің SIM карталары, 53 млн теңгенің жарнамалық материалдары бар.