Kaspi Bank Қазақстан юрисдикциясынан кетуі мүмкін

Kaspi.kz АҚ АХҚО-да жарғылық капиталы 1 миллион АҚШ доллары болатын жаңа еншілес компания Kaspi Capital Ltd. тіркеді. Оның негізгі қызметі - холдингтік компания қызметі.

Kaspi.kz-тің өзі де іс жүзінде холдингтік компания. Оның еншілес компанияларына Kaspi Bank, түрік Hepsiburada биржасына иелік ететін Kaspi Group АҚ, сондай-ақ Kaspi Pay LLC, Kaspi Travel LLC, Kaspi Office LLC және Kaspi Magazine LLC кіреді.

Kaspi.kz акциялары мен ЖДҚ қор биржаларында сатылады. Компанияның ең ірі акционерлері - Михаил Ломтадзе, Вячеслав Ким және Baring funds.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Halyk Bank-тың иелік ететін АЛМЭКС ходингі АХҚО юрисдикциясында тіркелген Almex Holding Limited компаниясының иелігіне өткен еді, бірақ акционерлері Құлыбаевтар болып қала берген.

Сол секілді Alatau City Bank акционері Вячеслав Ким де АХҚО-да United Group Alatau атты компания тіркеген.