«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландырудың жаңа бағдарламасына 10 млрд теңге бөлді.

«Үміт» бағдарламасы кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға кең мүмкіндіктер береді. Бағдарламаны іске қосу үшін бөлінген қаражаттың бастапқы сомасы 10 млрд теңгені құраса, кәсіпкер әйелдер Қазақстанның барлық аймақтарында, соның ішінде ауылдарда, шағын және моноқалалардағы екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыруды алу мүмкіндігіне ие болады. Несиенің максималды мерзімі 84 айға дейін, инвестициялық мақсаттарға жән 100 млн теңгеге дейінгі несиемен айналым қаражатын толықтыруға жеңілдік мөлшерлемесі қарастырылған.

Қолдау қаржы және сақтандыру секторларын, жылжымайтын мүлікпен операцияларды және көтерме және бөлшек сауданы қоспағанда, экономиканың барлық секторларына бағытталатын болады.

Сондай-ақ «Даму» қорының Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) серіктестігі аясында кәсіпкерлерге тегін білім алу және білім беру курстары мен тренингтеріне қол жеткізудің бірегей мүмкіндігі қарастырылған.

Осы халықаралық ұйыммен бірлескен бағдарлама қатысушыларға бизнесті басқаруға және нарықта табысты бәсекелесуге қажетті кәсіби дағдыларды, білім мен құралдарды алуға мүмкіндік береді.