Акциялар нарығын капиталдандыру жыл басынан бері KASE тізімдеріндегі акциялар бағасының өсуі және "Эйр Астана"АҚ акцияларын сауда-саттық тізімдеріне енгізу есебінен 15,3% немесе 4,1 трлн теңгеге өсіп, 30,8 трлн теңгені (68,8 млрд USD) құрады.

2023 жылдың наурыз айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 85 эмитенттің 100 атауындағы акциялары, соның ішінде листингілік емес алаңда – екі компания акцияларының екі атауы болды.

2024 жылдың бірінші тоқсанында Биржаның ресми тізіміне бір эмитент – "Эйр Астана" АҚ-ның акциялары енгізілді.

Акциялармен сауда-саттық көлемі 2024 жылдың бірінші тоқсанында 111,5 млрд теңгені құрап, 2023 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 77,2%-ға немесе 48,6 млрд теңгеге ұлғайды.

Ақпан айында KASE-де "Эйр Астана" АҚ жай акцияларының жария ұсынысы (IPO) өтіп, оның нәтижесінде компания 49,2 млрд теңге (баламасы 108,9 млн АҚШ доллары) немесе жергілікті нарықта ұсынылған жай акциялар көлемінің 76,0%-ын тартты. IPO шеңберінде бір акция үшін 1 073,83 теңге бағамен 45 855 827 акцияны сатып алуға 36 283 өтінім қанағаттандырылды. Орналастыру нәтижелері бойынша жеке тұлғалардың үлесі 49,4% және институционалдық инвесторлардың үлесі 50,6% құрады.

IPO шеңберінде "Эйр Астана" АҚ жай акцияларын сатып алуға өтінімдерді қабылдау және KASE және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ тарапынан тізілімді тексеру, сондай-ақ KASE мүшелерімен салыстырып тексеру кезеңі аяқталғаннан кейін жиынтық көлемі 120,6 млрд теңге құрайтын (баламасы 266,8 млн АҚШ доллары) 36 899 өтінім белсенді деп танылды. Бұл ретте жеке тұлғалардан түскен белсенді өтінімдер саны 46,4 млрд теңге сомасында 36 832 өтінімді (қабылданған өтінімдер көлемінің 38,5%) құрады, олар ұстаушылардың 1 999 қосалқы шотынан және омнибус шоты арқылы есепке алынатын 27 431 бербес шоттан берілді.  

Қайталама нарықта сауда көлемі 62,3 млрд теңгені құрады және 2023 жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ға немесе 495,2 млн теңгеге төмендеді. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 1,1 млрд теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 6 310 теңгені, бір мәміленің орташа көлемі – 167,3 мың теңгені құрады.  

Акциялардың қайталама нарығындағы инвесторлардың негізгі санаттары арасында жеке тұлғалардың үлесіне – 60,0 %, банктердің үлесіне – 2,1 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 19,5 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 2,7 %, өзге заңды тұлғалардың үлесіне – 15,7% тиесілі болды. Бейрезиденттердің қатысуы 7,9% құрады.