2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда нарықтың барлық секторларында 283 363,7 млрд теңгені (625 065,6 млн АҚШ доллар) құрады және 2022 жылға қарағанда 46,4% (долларлық мәнде 47%) өсті.


Осы уақытта акция саудасы 256,6 млрд теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1 есе өскен.

Корпоративтік облигация саудасы 1 777,5 млрд теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 51,1% өсті.

Ал мемлекеттік бағалы қағаздар саудасы 6 959,2 млрд теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 53,9% өсті.

Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының саудасы да 8 082,0 млрд теңгені құрады және 2022 жылға қарағанда 22,0% өсті.

Шетел валюталарының спот-нарығындағы сауда көлемі 22 373,1 млрд теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 60,5% өсті.