Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.
Сыртқы ортаның проинфляциялық қысымы бәсеңдеп келеді. Сауда-серіктес елдердегі инфляция қуат көзі мен азық-түліктің әлемдік бағасы төмендегендіктен әлемдегі инфляция баяулай бастады. Сыртқы бағалардың мейілінше баяу өсуі елдегі инфляцияны бәсеңдетуге мүмкіндік беріп отыр.
Бірақ Қазақстанда проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, тұрақты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер, сондай-ақ жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) бағасының өсуі мен күтілетін тұрғын-үй коммуналдық қызмет (ТКҚ) тарифтері қымбаттап келеді.
Жалпы, қазіргі жалпы жағдай инфляцияны азайтуға қолайлы болып тұр. Нәтижесінде осы жылдың екінші жартысында базалық мөлшерлеме біртіндеп және баяу төмендеуі мүмкін.
Жылдық инфляция 2023 жылғы сәуірде 16,8%-ға дейін баяулады. Инфляция құрылымында азық-түлік компоненті мейлінше тез қарқынмен баяулап келеді. Соның ішінде жанармай мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар керісінше әлі де қымбатшылық тудырып тұр.
Респонденттердің берген жауабына қарағанда, қазір инфляцияның төмендеуіне барлық жағдай жасалғанымен, нарық әлі сенімсіз, тез арада қымбатшылық қайта ушығып кетуі мүмкін. Атап айтқанда, жанармай, коммуналды қызметтің, дәрі-дәрмектің әлі қымбаттайтыны айтылған. Сондықтан инфляциялық күтулер әлі де жоғары болып тұр.
Әлем бойынша инфляция айтарлықтай бәсеңдеп жатыр, соның ішінде астық бағасы, жалпы азық-түлік қымбатшылығы жоқ деуге болады.
Мұнай бағасына келсек, 2023-2024 жылдары тиісінше 82 және 80 доллар болады деген болжам бар.
Бас банктің мәліметінше, базалық сценарийде инфляция биыл 11-14%, 2024 жылы – 9-11% болмақ.