2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 27 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.
2022 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 2 трлн теңгеге дейін 1,1%-ға (2022 жылдың басынан бастап 11,5%-ға өсу) ұлғайды.
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес (70,5%) бағалы қағаздарға – 1,4 трлн теңге, екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 135 млрд теңге (6,6%), сақтандыру дебиторлық берешекке – 83 млрд теңге (4,0%) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2022 жылғы қазанда 1,3 трлн теңгеге дейін 0,8%-ға ұлғайды (2022 жылдың басынан бастап өсім – 16,3%).
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2022 жылғы қазанда 1,6%-ға немесе 12,1 млрд теңгеге ұлғайды және негізінен сақтандыру қызметінен түскен пайда есебінен 775 млрд теңгені құрады.
2022 жылғы қазанда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 12,1 млрд теңге (2022 жылдың басынан бастап – 117,3 млрд теңге) болды.
2022 жылғы қазанда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 013 017 шартты құрады, бұл 2022 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 11,6%-ға аз.
2022 жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 10 345 096 шартты құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға артық. Негізгі өсім көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (362 862 шарт немесе 7,7%), туристі сақтандыру (220 182 шарт немесе 49,1%) және ауырған жағдайда сақтандыру (160 505 шарт немесе 33,7%) бойынша шарттарға тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2022 жылғы қазанда 50,6 млрд теңгені құрады. Жиынтығында 2022 жылдың 10 айында сақтандыру сыйлықақылары 642 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға немесе 73,2 млрд теңгеге артық. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйверлері міндетті сақтандыру және ерікті мүліктік сақтандыру сыныптары болып табылады.
Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан бері 140 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,5%-ға артық. Өсім негізінен қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша орын алды (19,8 млрд теңгеге немесе 61,3%-ға ұлғаю).
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылдың 10 айында 234,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға аз. Төмендеу негізінен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жинаудың 58,5%-ға немесе 29,9 млрд теңгеге төмендеуіне байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бастап 268,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,2%-ға артық. Өсім негізінен мүлікті залалдан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 18,1%-ға немесе 21,1 млрд теңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша 51,6%-ға немесе 13,1 млрд теңгеге ұлғаюына байланысты.
2022 жылғы қазан айындағы сақтандыру төлемдері 13,5 млрд теңгені құрады. Жиынтығында 2022 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 149 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,7%-ға артық. Өсім негізінен қарыздарды сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің ұлғаюына байланысты.
2022 жылдың басынан бері барлығы 710 254 төлем, 2022 жылғы қазанда – 70 216 төлем жүзеге асырылды.