Қазақстанда бірінші жартыжылдықта көтерме сауда 17,6 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды статистика бюросы.
«2023 жылдың қаңтар-маусым айларында көтерме сауда көлемі 17 612,4 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 11,1% артық. Көтерме сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өнеркәсіптік мақсаттағы тауарлар (82,6%) басым», - делінген хабарламада.
2023 жылғы қаңтар-маусымдағы республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес Алматы (39,6%) және Астана (15,8%) қалаларына, сондай-ақ Атырау (14,9%) және Қарағанды облыстарына (5,2%) келеді.
Меншік нысаны бойынша көтерме сауданың 62%-ы жеке компанияларға, 36,9%-ы шетелдік компанияларға тиесілі.
Кәсіпорындардың көлемі бойынша көтерме сауданың басым бөлігі шағын кәсіпорындар арқылы өтті – 75,7%.