Қаржы министрі Мәди Тәкиев қаңтар және ақпан айларында Қазақстанда бір айда тіркелген жеке кәсіпкерлер саны бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелгенін айтты, деп хабарлайды kursiv.

«Бұндай көрсеткіш ешқашан болған емес. Бүгінде жағдай тұрақтанды. Біз банктермен жұмыс істедік, адамдар мобильді аударымдарға қайта көшуде. Қаңтар айында бізде 75 мыңға жуық жеке кәсіпкер тіркелді. Бұрын бізде айына 2-3 мыңдай тіркелетін болсақ, қазір қаңтарда 75 мың, ақпанда 70 мың. Яғни, заңдастыру жұмыстары жүріп, сол жерде болған адамдар көлеңкеден шығарылуда. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз», - деді Тәкиев.

Ол заң бойынша жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін адамның жылдық табысы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен жоғары, яғни 1,02 млн теңге болуы керек екенін еске салды.

Министр сондай-ақ қаңтарда басталған мобильді аударымдарды тексеру әлі де болатынын түсіндірді. Енді оларды тексеру үшін министрлік екі критерийді пайдаланады: үш ай ішінде 100-ден астам жөнелтушіден аударымдар. Тағы бір критерийді қосу жоспарлануда – үш айға мобильді аударымдар сомасы 255 мың теңгеден аспауы тиіс. Бұған дейін «Ақ жол» партиясының депутаттары 1 млн теңге көлеміндегі мобильді аударымдарды тексеруді ұсынған болатын.