Jusan Bank – Қазақстанның ең сенімді, қарқынды дамып келе жатқан және қаржылық жағынан тұрақты банктердің бірі, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Банк пен оның негізгі акционерлері – Қазақстан Республикасының азаматтары. Қаржы институты реттеушінің және ұлттық заңнаманың барлық талаптарын орындайды. Сондықтан Бас прокуратура «Jusan» тобына қатысты талап-арыз бойынша ақпараттық хабарламасында атап өткендей, Jusan Bank қызметі бұл талқылаулардың нысанасы емес екенін ескерген жөн.
Jusan Bank – елдегі ең ірі банктердің бірі. Қазақстандағы ең ірі банктердің арасында капиталдың активтерге шаққандағы көрсеткіші бойынша 1-орында және меншікті капиталы бойынша 3-орында тұр.
Банктің қазіргі көрсеткіштері пруденциалдық нормативтерінен айтарлықтай жоғары, бұл оның қаржылық жағдайы жоғары деңгейде және ұйымның несие тәуекелі төменгі деңгейде екенін көрсетеді.
Банктің меншікті капиталы 542 млрд теңгеге тең. Бұл ретте капитал резерві 395 млрд теңгеге жетеді.
Банктің кешіктірілген несиені жабу резервінің деңгейі жоғары, бұл қолданыстағы қарыздарды 225%-ға өтейді.
Банктің ликвидті активтері 1,5 трлн теңгеге жетеді, бұл клиенттердің қолданыстағы қаражатын толық көлемде өтейді.
Банк белсенді түрде ел экономикасын несиелендіруде. 2022 жылы клиенттерге берілген несие көлемі 12%-ға артты. Өткен жылы клиенттердің жалпы базасы 55%-ға артып, бүгінде Қазақстан бойынша жеке және заңды тұлғалардың саны 3 миллионға жетті.
Жалпы, Банк бизнесті жүргізудің ашықтық қағидатын ұстанып, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуды жалғастыра бермек.
Jusan Bank қызметін қалыпты режимде жалғастырады, клиенттер алдындағы барлық міндеттер орындалады.