Jusan жаңа цифрлық қызметі кәсіпкерлерге тиімді, колжетімді онлайн-несие ұсынуда. Ол үшін шот ашудың қажеті жоқ, тіпті банк қосымшасын да жүктеуді қажет етпейді.
Jusan Business инновациялық бұл өнімді – банкке тіркелмеген пайдаланушылар үшін онлайн несиені ұсынды. Бұл қызмет бизнес несиесін ресімдеуге және несиені мақұлдау мен шарттары туралы алдын ала шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Өнімнің бірегейлігі - ол тіпті Jusan Bank есепшоттары жоқ кәсіпкерлерге де қолжетімді.
Бұл қызметтің тағы қандай ерекешеліктері бар? Біріншіден, бұл толығымен цифрлық, яғни кәсіпкерлер енді банк бөлімшесіне барып, өз уақытын жоғалтпайды. Ыңғайлы онлайн интерфейс тәулік бойы қол жетімді.
Екіншіден, банкте несие ресурстарының мақсатты пайдаланылуын растайтын талаптар жоқ. Әрбір кәсіпкер қаражатты пайдалануда белгілі бір икемділікті талап ететінін түсінген банк, бұл мәселедегі қатаң шектеулерді алып тастады. Несиеге өтініш беру де еш қиындықсыз өтеді. Процесті бастау үшін сіз тек мобильді азаматтардың деректер базасында тіркеліп тұрсаңыз болғаны.
Бұл өнімнің тағы бір ерекшелігі – несиені жартылай және мерзімінен бұрын толығымен онлайн режимінде комиссиясыз және айыппұлсыз өтеу мүмкіндігі. Ол бір директоры бар және кемінде 6 ай тіркеу мерзімі бар жеке кәсіпкерлерге қолжетімді. Бұл көптеген шағын және орта бизнеске күрделі процедуралар мен шектеулерсіз өздеріне лайықты қаржылық қолдау алуға мүмкіндік береді.
«Бұл функция нарықта бірегей, өйткені клиентке несие берілетін-берілмейтінін білу үшін шот ашудың немесе қосымшаны жүктеп алудың қажеті жоқ. Jusan Business веб-сайтында демалыс күндерін қоса, кез келген күні сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін өтініш бере аласыз, біз клиентке банктің шешімі туралы SMS хабарлама арқылы хабарлаймыз. Несие алу мүмкіндігін арттыру үшін біз басқа банктердің айналым туралы анықтамасын қоса беруді ұсынамыз. Сондай-ақ, клиенттің оң несие тарихы несиені мақұлдау мүмкіндігіне және пайыздық мөлшерлеме деңгейіне әсер етеді. Jusan Business несиесінің жасырын комиссиясы жоқ және міндетті сақтандыруды талап етпейді. Сондай-ақ, клиенттің деректері толығымен қорғалғанын атап өткен жөн, өйткені біз құжаттарға қол қою үшін биометрия мен бір реттік парольді қолданамыз, бұл үшінші тұлғалардың несие алу мүмкіндігін болдырмайды», - дейді Jusan Business Бизнес өнімдерін дамыту бөлімі Несие беру бойынша жетекші өнім иесі Янина Мавлютова.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.