Cтатистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдаудан ел бюджетіне 4 193 707,5 млн теңге түсті, деп хабарлайды Қазақпарат.
«Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен (2022 жылы 3 264 416,1 млн теңге) 22% көп», - деп хабарлады ведомство тілшісінің сауалына жауап берген көлік министрлігі.
Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 4,4% өсіп, 980,7 млн тоннаны құрады. Ал 2022 жылы барлық көлік түрлерімен 939,5 млн тонна жүк тасымалданған.
«Бүгінде жүк тасымалының бағасы бәсекелестік ортада және оны көлік-логистика саласындағы компаниялар қалыптастырады», - делінген.