2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінің қорытындысы бойынша, елімізде ақшалай мәнде 58,4 млрд теңгеге жиһаз өндірілді, бұл былтырғыдан 24,9% артық. Өнеркәсіп өндірісінің индексі (ӨӨИ) 136,9%-ды құрады, бұл саладағы өнім көлемінің 36,9% өскенін көрсетеді.
Өңірлер бойынша ең көп жиһаз Алматыда шығарылды: 15,5 млрд теңге, бір жылда 16,2% көбейген. Екінші және үшінші орында Алматы (5,6 млрд теңге, 60% көбейген) және Қарағанды (5,3 млрд теңге, 53,6% көбейген) облыстары.
Биыл қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша, жергілікті компаниялар металл орындықтар мен басқа да отыратын жиһаздарға сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 49,7%-бен салыстырғанда 32,9%, ағаш орындықтарға сұранысты – 12,5% ғана, басқа отыратын жиһаздарға сұранысты бар болғаны 1,6% ғана қамтамасыз етті.
Кеңсе ағаш жиһазында жағдай жақсырақ. Мәселен, биыл сегіз айында отандық өндірушілер мұндай жиһазға сұраныстың 74,6%-ын қамтамасыз еткен. Бөлшек сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз секторында компаниялар сұраныстың 73,9%-ын қамтыды. Ас үй жиһазымен қамтамасыз ету 60,8%-ды құрады. Асхана мен қонақ бөлмелеріне арналған ағаш жиһаз секторында сұраныс 11,8% ғана қамтамасыз етілген. Матрасқа деген сұраныс бір жыл бұрынғы 59,3%-ға қарағанда 50,6% жартылай қамтамасыз етілді.
2023 жылдың қазан айында жиһаз және тұрмыстық заттар бір айда 0,4%, бір жылда 15,2% қымбаттады.
Ай сайынғы динамикада бағаның өсуі үш өңірде ғана байқалды: Маңғыстау облысында – 8,3%, Жетісу облысында – 4,4%, Павлодар облысында – 0,7%. Басқа өңірлерде баға өткен айдың деңгейінде қалды.
Жылдық динамика бойынша жиһаздар мен тұрмыстық заттар Ақмола (27,8%), Шығыс Қазақстан (27,4%) және Қарағанды (24,6%) облыстарында қатты қымбаттады. Ең аз жылдық баға өсімі Атырау және Павлодар облыстарында тіркелді: әр облыста 7%.