Қазақстан темір жолы АҚ және ресейлік ФинИнвест ЖШҚ көліктік-логистикалық компаниялар тобы контейнерлік тасымалдарды және ілеспе терминалдық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық ниеттері туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар Қазақстан арқылы ресейлік жүктердің транзитін ұлғайтуға мүмкіндік беретін Астана қаласында заманауи мультимодальды көлік-логистикалық орталық салу мүмкіндігін қарастыруда.

Терминалдық инфрақұрылымды дамыту тұрақты халықаралық логистикалық дәлізді құруға ықпал етеді және елдің транзиттік әлеуетін кеңейтуге қосымша серпін береді.