Ұлттық статистика бюросының берген мәліметі бойынша, қазан айында Қазақстанда жалпы құны 189,8 млрд теңгені құрайтын 14 885 техника жасалған. Өндіріс көлемі былтырғы қазанға қарағанда 2,8% ұлғайды. 

Жалпы он айда елдегі зауыттар 107 128 техника құрастырды, оның ішінде жеңіл автомобиль саны – 96 554 (-14,4%), жүк көліктері – 6 404 (-14,7%), автобустар – 2 207 (-3,1%). 

Сонымен қатар жалпы құны 1,39 трлн теңге болатын 1 504 тіркеме мен жартылай тіркеме және 459 басқа арнайы техника жасалды.

«Майда торапты өндірісті дамытуға инвестиция құю дегеніміз, жаңа жұмыс орындары, жаңа технологиялық құзыреттер. Қазақстан автоөнеркәсібі әлемдегі жағдай ушығып тұрған шақта да тұрақтылығын көрсетіп, белсенді дамып келеді», — деді ҚАО президенті Анар Мұқашева.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» берген ақпаратқа сәйкес, 2024 жылдың он айында:

  • Қостанайда (Allur) 66 037 техника шықты (-11,8%)
  • Алматыдағы кәсіпорындар (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 32 584 жеңіл және коммерциялық автомобиль өндірді (-22,9%)
  • Семейде (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 4 197 коммерциялық техника шықты (+26,1%)
  • Қарағанды облысындағы QazTehna клиенттеріне 1 140 техника жөнелтті (-6,4%)
  • Көкшетаудағы мамандар (КАМАЗ-Инжиниринг) 975 коммерциялық техника құрастырды (-4,2%).
  • Басқаларының нәтижесі – 2 165 техника (+9,3%).

Елде қаңтар мен қазан аралығында аса танымал болған бес бренд (экспортты қосқанда):

  • Hyundai (31 957)
  • Chevrolet (24 957)
  • Kia (20 135) 
  • Jac (10 772) 
  • Jetour (8 680 бірл.).

Модельдер арасында:

  • Chevrolet Cobalt (21 126)
  • Hyundai Tucson (16 401)
  • Kia Sportage (7 452)
  • Hyundai Elantra (4 606)
  • Jetour X70 (4 275).