2024 жылдың бірінші жартысында теміржол арқылы тасымалданатын экспорттық шикізат жүктерінің көлемі 7% артты, шамамен 10 млн тоннаға жетті.
- Көлік министрлігі кезең–кезеңімен 140 жаңа жолаушылар вагонын жеткізбек және «Достық – Мойынты», «Дарбаза – Мақтаарал» сияқты ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырады.
- Теміржол желісіндегі ауқымды жөндеу жұмыстары 1,4 мың шақырымды қамтиды.
Сондай-ақ кірме жолдарды мемлекеттік меншікке беру рәсімі аяқталып, оларды жаңғырту жоспары әзірленді.