Статистика бюросының дерегінше, жыл басынан бергі 6 айда халыққа көрсетілген пошта және курьерлік қызмет көлемі 11,8 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан екі есеге немесе 6 млрд теңгеге артық. Бірінші жартыжылдықтың қазіргі деңгейі барлық уақыттағы максимум.
2022 жылы саладағы қызмет көлемі 15%, яғни 1 млрд теңгеге азайған еді.
2021 жылы көрсеткіш 58,4% немесе 2,5 млрд теңгеге ұлғайса, 2015 жылы 53,8% немесе 1,4 млрд теңгеге көбейген.
Өңірлер ішінде ең көп қызмет Алматы қаласына тиесілі: 4,1 млрд теңге. Одан кейін Астана (1,5 млрд теңге) және Қарағанды облысы (0,9 млрд теңге).
Ең аз Ұлытау облысында: 37,4 млн теңге.