2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 814,4 млрд теңгеге жетті. Осы кезеңде тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоса алғанда, барлық типтегі 62 435 автокөлік, сондай-ақ 57 055 жеңіл автомобиль және 1 090 автобус шығарылды. Автомобиль өнеркәсібінің барлық кәсіпорын шанақ пен кабинаны дәнекерлеу және бояу бойынша озық технологиялық операцияларды қолдана отырып, ірі тораптан шағын торапқа көшті.
Үкіметтің қаулысымен трансформаторлар мен электр қосалқы стансалары мемлекеттік сатып алудың ұлттық режимінен алынып тасталды, бұл ретте тізім 1,6 мыңға жуық машина жасау тауарларына дейін кеңейтілді.
Үкіметтің экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі 2024 жылға арналған іс-қимыл Жоспарын орындау шеңберінде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жарғылық капиталдарын ұлғайтуға, еліміздің негізгі индустриялық холдингтерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін 50 млрд теңге сомасына мемлекеттік инвестициялық ұсыныс әзірленді.