2022 жылы жаңартылатын энергия көздеріне салынған инвестиция 44,9 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда бұл 54 млрд теңгеге аз.

Ал егер оны 2019 жылмен салыстыратын болсақ төмендеу төрт есеге жуық (-117,5 млрд теңге) болады.

Барлық өңірлердің тек 8-інде ғана жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция ағыны байқалды. Jның 5-і оңтүстік, 2-і солтүстік, 1-і батыс өңірлері.

Сөзсіз көшбасшы – Жамбыл облысы. Оның өзі жалпы көлемнің 45%-ға жуығын немесе 19,7 млрд теңгені қамтамасыз етті.

Тағы төрттен бір бөлігі Ақмола облысына түсті – 10,9 млрд теңге.

Алматы мен Алматы облысына аздап – барлығы 3,5 миллион теңге түсті.

Қалған төрт өңірдің деректері құпия. Бұл Қостанай, Ақтөбе, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы.

Қарапайым есептеулер олардың бірігіп 31,8 пайызын немесе 14,3 миллиард теңгені құрайтынын көрсетеді.