2023 жылдың қаңтар-қазан айларында жалпы ауданы 28,1 мың жер үй және 1167 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, олардың ауданы тиісінше 5,3 млн және 8 млн шаршы метр, деп хабарлайды статбюро.
Жалпы ел бойынша бір жер үйдің орташа ауданы шамамен 188 шаршы метр, ал бір көппәтерлі үйдің ауданы – 6,8 мың шаршы метрден астам. Екі жағдайда да көрсеткіш 2013 жылдан бергі рекорд.
Республикалық көрсеткішті көтеріп тұрған Астанада салынып жатқан үйлер. Елордада 2,9 млн шаршы метрді құрайтын 130 көппәтерлі үй салынды, ондағы бір көппәтерлі үйдің шаршы метрі 22,1 мың шаршы метр. Бұл Қазақстанның жалпы көрсеткішінің үштен бірінен астам. Республика бойынша жыл басынан бері 88 мың пәтер салынса, соның 355 мыңы елордада.
Жер үйлерге келетін болсақ, ең үлкен орташа аудан Павлодар облысында (352 шаршы метр), ал ең азы Батыс Қазақстан облысында (128 шаршы метр).