Жаңа Салық кодексінің жобасында геологиялық барлау жұмыстары бойынша тәсілдерді қайта қарау ұсынылған.
Келісімшарттан тыс қызмет шеңберінде геологиялық барлауға арналған барлық шығыны немесе басқа келісімшарттарды (лицензияларды) шегеруге мүмкіндік беріледі.
Бұл барлау кезінде инвесторлардың тәуекелін төмендетеді.
Техногендік минералдық түзілімдерді (тау-кен өндірісінің қалдықтары) игеруді ынталандыру үшін ПҚӨС-тің төмендетілген мөлшерлемелері ұсынылатын болады.
Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған рентабельділігі төмен кен орындарының жаңа бөліктерін әзірлеу үшін уақытша жеңілдіктер ұсынылады.