Жаңа Салық кодексі жобасының кейбір ережелері белгілі болды, деп хабарлайды Курсив.
Корпоративті табыс салығы мөлшерлемелерін саралау (қазіргі мөлшерлеме – 20%):
- 30% – банк секторы мен ойын бизнесі үшін;
- 25% – жалпы мөлшерлеме;
- 10% – әлеуметтік салаға және қаржылық лизингке;
- 3% - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (қазіргі уақытта - 10%) және өңдеуші өнеркәсіп үшін, дегенмен, қайта бөлу деңгейіне байланысты саралау мүмкін.
Әлеуметтік салықты жою мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ жұмыс берушілер 2024 жылдың басынан бастап енгізген міндетті зейнетақы жарналарын алып тастауы мүмкін.
Бірыңғай жұмыс беруші төлемін 9% мөлшерлемемен енгізуге болады (Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 4,5%, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 4,5%). Жалпы, қызметкерге түсетін салық жүктемесі 19,3%-дан 15,7%-ға, жұмыс берушіге – 14,6%-дан 9%-ға дейін төмендейді.
Жалпы құны 450 миллион теңгені құрайтын мүлікке, ал кедендік құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл көліктерге салық ставкасын көтеру нұсқасы қарастырылуда.
Бір литрі 500 мың теңгеден асатын қымбат алкогольдік өнімге, бір дана үшін 10 мың теңгеден жоғары сигараға, қымбат теңіз кемелері мен ұшақтарға (ставка көрсетілмеген) акцизді қосымша енгізу ұсынылып отыр.
Үш арнаулы салық режимін енгізу мүмкіндігі қарастырылуда:
- жеке кәсіпкерлер үшін: табыс шегі – айына 340 АЕК (1,25 млн. теңге), мөлшерлеме – айналымнан 4%;
- шағын және орта бизнес үшін: табыс шегі – жылына 135,4 мың АЕК (500 млн. теңге), қызметкерлер саны – 50 адамға дейін, мөлшерлеме – 2%-дан 8%-ға дейін.