2023 жылғы өндірілген Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі 119,8 трлн теңгені құрады және 2022 жылмен салыстырғанда нақты мәнде 5,1% өсті. 2023 жылғы ЖІӨ құрылымындағы ең жоғар үлес Алматы қаласы (20,8%),
Атырау облысы (12,0%) және Астана қаласына (10,8%) тиесілі.
2023 жылғы жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 6 020,4 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде алдыңғы қатарды Атырау облысы (20 509,2 мың теңге), Алматы қаласы (11 340,6 мың теңге) және Ұлытау облысы (9 367,5 мың теңге) алды, ал тізім соңында – Түркістан (1 902,6 мың теңге), Жетісу (2 444,9 мың теңге) және Жамбыл (2 500,5 мың теңге) облыстары.
Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) жоғары өсім қарқыны Жетісу облысында (12,6%), Алматы қаласында (9,7%) және Атырау облысында (7,4%) байқалды.
2023 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі үлесі 17,52% құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,26%-ға кеміді.
Бақыланбайтын экономиканың ЖӨӨ-дегі ең аз үлес Атырау (9,63%), Ұлытау (10,39%) және Батыс Қазақстан (12,31%) облыстарында байқалды, ең көп үлес – Жетісу (32,29%), Түркістан (30,81% ) және Жамбыл (24,24% ) облыстарында.