OLX Kazakhstan жасаған сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым көпшілігі – 45%-ы қаржылық себептерге байланысты жазғы демалысты жоспарламайтынын хабарлады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы дәл осындай сауалнамамен салыстырғанда жоғары. Ол кезде респонденттердің 40%-ы демалысқа шыға алмаған.
«Сауалнамаға қатысқандардың 25%-ы демалысты ел ішінде өткізуді жоспарлап отыр, 13%-ы қаладан тыс жерде демалуды жоспарлап отыр, ал 17%-ы ғана шетелге саяхаттауды жоспарлап отыр», – делінген хабарламада.
Түркия жазғы маусымда қазақстандықтар үшін ең танымал сыртқы туристік бағыт болып қала береді – респонденттердің 40%-ы осы елде демалуды жоспарлап отыр (былтыр бұл бағытты респонденттердің 37%-ы таңдаған).
«Ішкі туризмде қазақстандықтар Алакөлді ең танымал бағыт деп атады. 24%-ы сонда демалуды жоспарлап отыр (былтыр респонденттердің 28%-ы Алакөлді таңдаған), – делінген хабарламада.
Сауалнамаға сәйкес, орташа қазақстандық отбасы төрт немесе одан да көп адамнан тұрады – бұл жауапты респонденттердің 50%-дан астамы берген. Сыртқы туристік бағыттарға 1 млн теңгеге дейін ақша жұмсауға дайын ремпонденттердің үлесі 64%, ал ел ішінде 300 мың теңгеге дейін жұмсауға дайындардың үлесі 68%.
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша отандық туристер саны 2022 жылы рекордтық 8,6 млн адамға дейін өсті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 20% жоғары.