Қазақтар ақшаларын депозиттен гөрі, үйде ақшалай сақтаудлы көбейтті.

Маусым айында жинақтарын сақтау тәсілін таңдаған кезде банктік депозитті қалайтын респонденттердің үлесі 48,9%-ды құрады. Бұл мамырға қарағанда 11,1 п.т. аз. Оның үстіне қазіргі көрсеткіш бүкіл бақылау тарихындағы, яғни 2016 жылдың басынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Жеке тұлғалардың депозиттік портфелінің рекордтық деңгейге дейін өсуі аясында мұндай көріністің байқалуы тіпті есе қызық.

Ал респонденттердің 40%-ы жинақ ақшаны қолма-қол сақтайтынын айтады. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш бір айда 6,1 п.т. артты.

Айта кетерлігі, қолма-қол ақша жинақтарын доллармен сақтайтындардың үлесі (1,9 пайыздық тармаққа, 30,9%-ға дейін) өсті. Теңге және рубльмен сақтау тиісінше 3,5 пайыздық тармаққа, 74,2%-ға және 3,4 пайыздық тармаққа, 2,5%-ға дейін төмендеді.

Сауалнамаға жинақ ақшалары респонденттер қатысты. Респонденттердің жалпы санындағы олардың үлесі 18,9%.