Freedom Ticketon компаниясы Ticketon Awards марапаттау рәсімін 2024 жылдың 20 сәуірінен 19 мамырына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Кейінге қалдыру туралы шешім Қазақстанның он шақты облысында су тасқыны болған күрделі жағдайға байланысты қабылданды. Қазіргі уақытта елімізде 60-тан астам елді мекен апат аймағында тұр, 118 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір олардың 20 мыңға жуығы үйлеріне оралды.
Компания бұл шешімді марапаттау іс-шарасының барлық серіктестері, ұйымдастырушылары, қатысушылары мен көрермендері түсіністікпен қабылдап, қолдайтынына сенімді.
Freedom Ticketon сондай-ақ, табиғи апаттан зардап шеккен қазақстандықтар үшін қайырымдылық акциясын ашу туралы шешім қабылдады. Қаражат табиғи апаттан зардап шеккен адамдарды құтқару және қолдау көрсетумен тікелей айналысатын ресми волонтерлік ұйымдарға аударылады.
«Біз зардап шеккен аймақтарға жан-жақты көмек көрсететіндердің барлығына алғыс айта отырып, біздің үлесіміз адамдарға осы қиын уақыттан шығуға көмектеседі деп сенеміз. Бұл күндері зардап шеккендерге атсалысып, оларға көмек көрсету – әрбір жанашыр қазақстандық үшін басты міндет. Біздің шешімімізді қазіргі жағдайды бақылап, олар үшін алаңдайтындардың барлығы қолдайды деп сенеміз», — деді Freedom Ticketon ЖШС бас директоры Виктория Торгунакова.