Freedom SuperApp көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖМС) полисін рәсімдейтін пайдаланушыларға арналған рефералдық бағдарламаны іске қосты.
Енді пайдаланушылар сақтандыру өнімдерін рәсімдегені үшін ғана емес, достары мен жақындарына ұсынғаны үшін де кешбэк ала алады. Шақырған пайдаланушыға берілетін кешбэк мөлшері 2 000 теңгеден 8 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Егер жаңа клиент Freedom SuperApp арқылы досының промокодын пайдаланып, КҚИ АҚЖМС полисін алғаш рет рәсімдесе, оны шақырған пайдаланушы 8 000 теңге, ал жаңа клиент 1 000 теңге кешбэк алады.
Шақыру санына шектеу қойылмаған. Сондықтан пайдаланушылар өздерінің промокоды арқылы полис рәсімдеген әрбір жаңа клиент үшін сыйақы ала алады.
КҚИ АҚЖМС полисін рәсімдегені үшін кешбэкті қалай алуға болады?
Пайдаланушы Freedom SuperApp арқылы КҚИ АҚЖМС полисін алғаш рет рәсімдеген әрбір досы үшін кешбэк алады;
Жаңа клиент полисті промокод арқылы алғаш рет рәсімдеген кезде 1 000 теңге кешбэк алады;
Әрбір пайдаланушы достарын шектеусіз шақырып 8 000 теңге кешбэк ала алады;
Промокодты бір рет, яғни Freedom SuperApp арқылы КҚИ АҚЖМС полисін алғаш рет рәсімдеген кезде ғана пайдалануға болады;
Кешбэк КҚИ АҚЖМС бойынша жаңа шарт жасалған жағдайда ғана есептеледі және қолданыстағы полисті қайта рәсімдеуге немесе ұзартуға қолданылмайды;
Рефералдық бағдарлама бойынша берілетін сыйақы қосымша есептеледі және Freedom SuperApp-тың адалдық бағдарламасы аясында қарастырылған бонустарға әсер етпейді.
КҚИ АҚЖМС Қазақстандағы барлық көлік құралдары иелері үшін міндетті сақтандыру түрі. Полис жүргізушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру арқылы қорғайды: сақтанушының кінәсінен жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, зардап шеккен тарапқа келтірілген залалды сақтандыру компаниясы заңнамада белгіленген шектерде өтейді.
«Енді міндетті автосақтандыруды рәсімдеу тек ыңғайлылық пен сенімді сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етіп қана қоймай, Freedom SuperApp-ты достарыңыз бен жақындарыңызға ұсынып, қосымша сыйақы алуға да мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Freedom Insurance» СК» АҚ Өнімдерді және бизнес-процестерді әзірлеу департаментінің директоры Тахмина Амраева.