Кездесу барысында Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов Шанхайдағы (ҚХР) жаһандық финтех-нарық өкілдерімен Freedom Банкі Ant International құрылымына кіретін эквайрингтік төлемдер және цифрландыру саласындағы жетекші ойыншы Antom-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Ant International әлемге әйгілі Alipay қызметін қоса алғанда, жаһандық цифрлық төлем экожүйесін дамытуда. Құжаттың мақсаты - инновациялық шешімдерді әзірлеу, енгізу және Қазақстандағы тұтынушылар үшін трансшекаралық төлемдерді оңайлату бойынша екіжақты жұмыс үшін негіз қалау.
"Бүгін біз екі елдің клиенттері мен бизнес қауымдастықтары үшін жаңа көкжиектер ашамыз. Біздің экожүйемізді Ant International компаниясының Antom сервисі арқылы қытайлық электрондық коммерция платформаларымен интеграциялау ‒ Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының өсіп келе жатқан көлемінің қисынды жалғасы. Freedom SuperApp пайдаланушылары үшін болашақта қытайлық маркетплейстердегі транзакциялар ішкі төлемдер сияқты ашық, қауіпсіз және жедел болады», ‒ деп түсініктеме берді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

Меморандумға сәйкес, Freedom банкінің SuperApp мобильді қосымшасы Қытайдың жетекші электрондық коммерция платформаларында төлем жасау тәсілі ретінде интеграцияланады. Бұл қадам трансшекаралық онлайн-сатып алудың үздіксіз үдерісін қалыптастыруға бағытталған. Соның нәтижесінде Қазақстандағы тұтынушылар Қытай тауарлары мен әлемдік брендтердің өнімдерін өздеріне таныс әрі қолжетімді төлем тәсілін пайдалана отырып, сатып ала алады
«Біздің Freedom банкімен серіктестігіміз сенімді жергілікті төлем шешімдері арқылы трансшекаралық коммерцияны барынша қолжетімді етуге деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді. Freedom пайдаланушыларына қытайдың электрондық коммерция платформаларында кедергісіз сауда жасау мүмкіндігін ұсынамыз. Ал алдағы уақытта халықаралық серіктес саудагерлеріміздің кең желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, бизнестің өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстанның қазіргі заманғы цифрлық тұтынушылары үшін әлемді жақындатамыз»,- деп атап өтті Antom-ның бас директоры әрі Ant International компаниясының аға вице-президенті Гэри Лю.