QazTrade Қазақстанның 2023 жылғы сыртқы сауда нәтижелерін жариялады.
Тауар айналымының өсуі байқалады. қазақстандық тауарларды өткізудің негізгі нарықтары Қытай, Ресей және Италия.
Қытай Қазақстанның басты сауда серіктесі болды. Қазақстан Азия елдеріне (Қытай (+10%), Гонконгқа (+34%), Оңтүстік Кореяға (+30%), Вьетнамға (+64%) шикізаттық емес экспортты ұлғайтты.
Тауар айналымындағы Қазақстан экспортының үлесі 56,3%-ды құрайды. Экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлардың үлесі 32,1%-ды құрады.
Тауар нарықтарының саны 131 мемлекеттен 135 мемлекетке дейін өсті.