Jusan халықаралық E+ Awards маркетинг премиясында үш марапатқа ие болды. Бұл сыйлық ең беделді сыйлықтардың бірі және маркетингтік кампаниялардың бизнес-көрсеткіштерінің тиімділігіне беріледі. Биыл фестиваль алғаш рет Қазақстанда және Орталық Азияда өтті.
Ресей, Қазақстан, Өзбекстан мен Тәжікстаннан 200 қазы қараған байқауға Jusan өзінің сәтті кейстерін ұсынды. «Игі істерге миллион» жобасы «Brand Experience» номинациясында күміс жүлде және «Қысқамерзімді әсер ететін кампаниялар» аталымында қола жүлде алды.
Бұл жоба пермияның көптеген қазылары мен қонақтары үшін үлкен жаңалық болды. Дұрыс дайындалған креативті кампания тек табыс қана емес, сонымен қатар клиенттерге оң эмоция сыйлап, олардың өмір сапасын жақсартып, пайдалы болатынын көрсетті.
Сонымен қатар банктің жаңа маркетингтік стратегиясы «Ребрендинг» номинациясында күміс жүлде алды.
«Jusan жұмысы халықаралық деңгейде мойындалып, саланың кәсіби мамандары тарапынан жоғары баға алғанын мақтан етеміз. Дұрыс бағытта дамып, тиімді маркетингтік кампания және тиімді коммуникациялық стратегияны іске асырып жатқанымызға көзіміз жетті. Клиенттеріміздің игілігіне жұмыс істеп, жаңа идеяларды іске асырып, максималды нәтижелерге жете береміз. E+Awards премиясының маркетингтен бөлек өнім мен бизнес-көрсеткіштерге де маңызды көңіл аударатынын ескерсек, бұл байқау ең қиын байқаулардың бірі. Бұл Jusan-ның барлық департаменттерінің керемет жұмысының нәтижесі», – деді Jusan маркетинг директоры Дана Дюсекова.
E+Awards атымен де танымал Effie халықаралық пермиясы маркетинг және жарнама саласындағы ең беделді марапаттардың бірі болып саналады. Effie маркетингтік және жарнамалық кампаниялардың арқасында жететін бизнес-нәтижелердің тиімділігіне беріледі. Бұл дегеніңіз – Effie жеңімпаздары тек креативті ғана емес, сонымен қатар бизнес пен клиенттерге нағыз пайданы да қатар алып жүре алады деген сөз.
Жүлделі орын алған және шорт параққа кірген барлық бренд іске асырылған жобалардың тиімділігіне сай агенттік пен компаниялар түзетін Тиімділік рейтингіне енеді. Салтанатты шараға саланың беделді 150 кәсіби маманы қатысты. Шара барысында олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан, Ресейден келген қазылар қатысқан «E+Awards CAR 2023 нәтижесі: қорытынды және болашағы» атты сессия өтті. Сессияда қазылар алқасының өкілдері байқаудан алған әсерлерімен бөлісіп, әл елдегі кейстердің деңгейін талқылап, болашақ қатысушыларға ұсыныстарын айтты.