UNCTAD есебіне сәйкес, 2023 жылы әлемдік сауда 3%-ға қысқарып, 31 трлн долларды құрады.Сонымен бірге қызмет көрсету саласындағы сауда тұрақтылық танытып, 8% (+0,5 трлн доллар) өсті, ал тауарлар саудасы 2022 жылмен салыстырғанда 5% (-1,3 трлн доллар) төмендеді.
Геосаяси шиеленіс әлемдік сауда ағындарына айтарлықтай әсер етуді жалғастыруда. Бұған Ресейдің Қытаймен сауда қатынасын арттыра отырып, Еуропа елдерімен саудасының азаюы дәлел. Қытай мен АҚШ арасындағы сауда да одан әрі құлдырады.
Баяндамада 2023 жылы Ресей мен Орталық Азия елдерінде экспорттың айтарлықтай төмендеуі, импорттың айтарлықтай өскені атап өтілді.
Белгісіздікке, көлік шығындарының өсуіне және жоғары қарыз деңгейіне қарамастан, 2024 жылға арналған жаһандық сауда болжамдары оптимистік болып қала береді. Жаһандық инфляцияны тежеу және экономикалық өсуді жақсарту үшін қабылданған шаралар биылғы жылы саудаға оң әсер етуі мүмкін.