2023 жылдың желтоқсанының соңында амбулатория-емхана қызметі бір айда 1,1%, бір жылда 13,6% қымбаттады.
Ай сайынғы динамика бойынша дәрігерлік амбулаториядағы медициналық мамандардың қызметі айтарлықтай 5,8%, дәрігердің алғашқы қабылдауы – 0,5%, медициналық зертхана мен рентген кабинетінің қызметі – 0,7%, стоматология қызметі 0,9% қымбаттады.
Жылдық динамикада дәрігердің алғашқы қабылдауы 19,1%, дәрігерлік амбулаториядағы дәрігер мамандары қызметі 18,3%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеті қызметі 12,4%-ға, стоматология қызметі 11 ,4% қымбаттады.
Былтыр үшінші тоқсанда ҚР-да денсаулық сақтау қызметі көлемі 737,9 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 16% артық.
Қызметтердің басым бөлігі дәстүрлі түрде бюджет есебінен көрсетілді: 541,9 млрд.теңге, бір жылда 15,8% көбейген. Халықтың қалтасынан бір жыл бұрынғыдан 25,9% көбірек төленіп, 127,9 млрд теңге, ал кәсіпорындар қаражаты есебінен 2,5% өсіп, 68,1 млрд теңге болды.
Өңірлер бойынша бұл салада ең көп қызмет республикалық орталықтар көп орналасқан Алматы қаласында көрсетілген: 138,6 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 0,8% аз. Одан кейінгі орында республиканың тағы бір медициналық хабы – Астана (117,2 млрд теңге, 19,6% көбейген), одан кейін Қарағанды облысы (43,4 млрд теңге, 16,2% көбейген). Ең аз денсаулық сақтау қызметі Ұлытау (6,5 млрд теңге), Жетісу (16,9 млрд теңге) және Абай (18,1 млрд теңге) облыстарында көрсетілген.
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 410 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 50,2% артық. ФКИ 151,1%-ды құрады, бұл секторға инвестицияның 51,1% нақты өскенін көрсетеді.
Өңірлер бойынша секторға ең көп инвестиция Астанада болды: 118,7 млрд теңге, бір жылда 28% көбейген. Одан кейін орында Алматы (58 млрд теңге), сондай-ақ Түркістан (25,1 млрд теңге) және Атырау (22,5 млрд теңге) облыстары.
Ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау (3,5 млрд теңге), Ұлытау (3,6 млрд теңге) және Жетісу (6,4 млрд теңге) облыстарында.