Қазақстандық CodiPlay стартап жобасына White Hill Capital Ltd компаниясының басқаруындағы Tumar Venture Fund атты қазақстаннның ірі жеке венчурлық қоры 500 мың АҚШ долларын бөлді.  Одан бөлек аталған қор арқылы business angel бір миллион доллар қаржы құйды, осылайша, келісімнің жалпы көлемі 1,5 миллион АҚШ долларына жетті. 

Балаларды бағдарлама жасауға үйрететін жобаны қазақстандық жас мамандар  екі жыл бұрын әзірлеген еді. Мобильді қосымшадан бөлек, аталмыш топ робототехника негізінде ақылды гаджеттерді шығаратын CodiKit жинағын да жүзеге асырды. 

Оқушылардың білім алу үрдісін бақылау үшін CodiTeach ресурсы жасалды. CodiTeach - мұғалімдердің біліктіліктерін жетілдіретін онлайн курстары бар білім беру орталықтары мен мектептер үшін арнайы дайындалған платформа.  

Компания нақты қолдануға жарамды оқу бағдарламасын жасап шығарды. Оның робототехника, схемотехника және бағдарламалау сынды бағыттары бар. 


Стартап жоба 1,5 млн доллар көлеміндегі инвестицияның барлығын әрі қарай дамуы мақсатында пайдалануға мүдделі.  Сонымен қатар, жобаларды жетілдіру үшін қажетті құралдары сатып алуға жұмсамақ. 

«Біздің өнімімізге білім беру мекемелерінің көпшілігі қызығушылық танытады. Бүгінде CodiPlay базасы негізінде Қазақстан мен Оңтүстік Корея оқушылары бағдарламалауды үйреніп жүр. Кешенді жүйені БАӘ мен Түркия, ТМД мемлекеттері оқу ордаларына енгізу жоспарымызда. Алайда, бірінші кезекте отандық мектептерді CodiKit жинағымен қамту мақсатын қойып отырмыз. Соның арқасында оқушылар өздері тәжірибе жүзінде смарт-гаджеттерді жасап шығара алады. Біз еліміздің 120 - дан астам мектебінен тапсырыс алдық. Бұл ретте, Tumar Venture Fund инвестициялары оны жүзеге асыруға көмектеспек. Себебі, аталмыш білім ордалары стартап бастамалардың шешімдері мен нәтижелерін өздерінің оқу бағдарламаларында пайдалануға ниетті. Басты миссиямыз әрі стратегиялық мақсатымыз – қазақстандық білім беру жүйесіне өзіміздің оң үлесімізді қосу.  Себебі, бүгінде мына қарқынды дамып жатқан әлемде біздің балаларымыздың техникалық білімі ұшқыр болуы қажет, бәсекеге қабілетті болуы керек. Өскелең ұрпақ арасында IT-сауаттылықты арттыру маңызды, өйткені, оларды жаңа әлем күтіп тұр», – дейді CodiPlay стартапының негізін қалаушы әрі  жетекшісі Жанәділ Талдыбаев

Инвестициясының мақсатты өлшемі $50 млн  доллар болатын Tumar Venture Fund қоры  жыл басында құрылған еді.   Бүгінде ол – Қазақстанның ең ірі венчурлық қоры. Ол Дүниежүзілік банк қаржыландыратын, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында негізі қаланған болатын. Қордың басқарушы компаниясы – White Hill Capital Ltd. Ол өз алдына,  IT-компаниялардың бастапқы кезеңінде дамуына қолдау білдіретін ұйым.  

«Біздің қор әлем бойынша стартап жобаларға инвестиция құюға бағытталған. Атап айтсақ, әр түрлі инновациялық секторларды қамтимыз. Соның ішінде EdTech бар. Себебі, аталмыш сектор бізге маңызды болып отыр.  CodiPlay - ге тоқталар болсақ, бізді жобаның әлеуметтік маңызы қызықтырды.  Нақтырақ айтсақ, Қазақстанда IT - білімнің дамуына септігін тигізеді. Бұл өз алдына, креативті экономиканың дамуының басты стратегиялық бағыты болса керек.  Бұған қоса, өте мықты қарқынмен дамып жатқан бұл стартаптың экспотенциялды өсім мен халықаралық экспансияда әлеуеті жоғары. 500 мың доллар көлеміндегі инвестициямыздан бөлек, жергілікті және халықаралық нарықта қаржы құю бойынша жиырма жылдан аса тәжірибесі бар  командамыз қазақстандық стартаперлерге сараптамалық  білімімізбен бөлісуге дайынбыз», – дейді White Hill Capital және CEO Tumar VF басқарушы серіктесі Аслан Сұлтанов. 

Smart Ranking агенттігінің аналитикалық есебіне сәйкес, «Қазақстан edtech  нарығының 2022 жылғы қорытындысы бойынша» CodiPlay стартапы білім беру технологиялары саласында даму қарқыны бойынша екінші орында. 

2021 мен 2022 жыл арасында  оның өсу қарқыны 2700% болған. Бүгінде ол $10 млн-ға бағаланып отыр. 2026 жылы компанияның бағасы   $100 млн болады деп күтілуде.