ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сарапшылардың зейнетақы қорындағы қаражатты мерзімінен бұрын шығаруға тыйым салу туралы ұсынысын қарайды, деп хабарлады ведомство басшысы Светлана Жақыпова журналистерге.

«Бізге сарапшылардан, атап айтқанда, Болат Жәмішев пен Григорий Марченкодан ұсыныстар түсіп жатыр, олар БЖЗҚ-дан мерзімінен бұрын аөша алу тәжірибесін тоқтату туралы ұсыныстар айтты. Өйткені осылай жасау арқылы біз өз активтерімізді азайтамыз. Бүгінгі таңда біз зейнет жасында жеткілікті жәрдемақысыз қалдық. Біз бұл ұсынысты қарастырамыз, қолдаймыз», — деді министр үкіметте.

Ол зейнеткерлік жасқа жеткенде мерзімінен бұрын шығарылған жағдайда қазақстандықтар ең төменгі жалақының 60%-ы мөлшеріндегі ең төменгі зейнетақыға ие болатынын айтты (ең төменгі жалақы – 85 мың теңге).

«Артық ақшаны алып отырғандықтан, зейнеткерлікке шыққанда ел ең төменгі зейнетақымен қалады. Бұл ең төменгі жалақының 60%-ы. Бұл қалыпты зейнетақы деп ойлайсыз ба? Жоқ, әрине», — деді министр.