Қазақстандық шағын және орта бизнестегі кәсіпорындардың табыстылығы екі жылдағы ең төменгі деңгейге түсті. 

Статистика бюросы мәліметтері бойынша 2022 жылдың IV тоқсанында олардың салық салғанға дейінгі жалпы пайдасы 4,3 трлн теңгеден асты. Бұл II және III тоқсандармен салыстырғанда шамамен 14% аз.

Бұл ретте рентабельділік 20,1%-ды құрады, бұл төртінші тоқсаннан бергі ең төменгі көрсеткіш. 

Салалар бойынша ең жоғары табыстылық кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 42,9%. Екінші орында тау-кен өнеркәсібі (40,7%). Одан кейінгі орында жылжымайтын мүлікпен операциялар (24,4%), ауыл шаруашылығы (23,4%) және энергетика (22%).

Табыстылығы минусқа түскен жалғыз сала – сумен жабдықтау және қалдықтарды шығару. Мұнда табыстылық -1,2% құрады. Орта және ірі бизнестің жалпы шығыны төртінші тоқсанда шамамен 1 млрд теңгені құрады.

Табыстылығы төмен салалар тұру және тамақтандыру қызметтері (0,7%), өнер, ойын-сауық және демалыс (1,6%). Төртінші тоқсан жаңа жылдық корпоративтік кештер уақыты және жалпы мейрамханалар мен басқа да бос уақытты өткізуге сұраныс жоғары маусым екенін ескерсек, бұл өте төмен.

Өңірлер ішінде табыстылық Түркістан облысында жоғары. Мұнда орта және ірі бизнестің табыстылығы 113,4% құрады! Екінші орында Атырау облысы – 64,6%.

Табыстылығы минусқа кеткен өңірлер Ұлытау (-9,7%) және Жетісу (-4,3%) облыстары. Ал табыстылығы төмен өңірлер Қарағанды ​​(2,8%) және Шығыс Қазақстан (1,7%).