Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2026 жылғы маусымда ұлттық валютадағы депозиттердің ұлғаюы есебінен 4,6% өсіп, 50,1 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бері 4,4% өсім).
Заңды тұлғалардың депозиттері 6,7%, 22,1 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 3,0%, 28,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттер өткен аймен салыстырғанда 5,0% өсіп, 40,2 трлн теңгені құрайды. Шетел валютасындағы депозиттер бір айда 3,4% өсіп, 9,9 трлн теңгеге жетті. Нәтижесінде 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша долларлану деңгейі 19,7%-ға дейін төмендеді (2026 жылғы мамырда – 20,0%).
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі 2026 жылғы маусымда 2026 жылғы мамырдағы 16,8%-дан 16,2%-ға дейін төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 14,7%-ды (2026 жылғы мамырда – 14,8%) құрады.