Қазақстанда бизнеске банк қаржылық қызмет көрсетумен шектелмейді. Бұл тұрғыда банкирлер Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытудың үлкен әлеуетін көріп отыр. Астана халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Jusan Bank басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов осылай деді. 

Қазіргі Қазақстандық бизнесте кездесуі мүмкін жаһандық сын-қатерлер мен мүмкіндіктер панельдік сессиясында Нұрдәулет Айдосов Қазақстанның ішкі жалпы өніміндегі ШОБ үлесінің 5% айтарлықтай артқанын атап өтті.

«Егер жан басына шаққандағы ІЖӨ жалпы ішкі өнім туралы айтатын болсақ, онда біздің еліміз Қытайды қоспағанда, көршілерден шынымен де жоғары. Әлемдік рейтингте біз Мексика мен Польшаның арасындамыз. Бірақ бұл үрдісті қолдап, одан әрі дамытуымыз қажет. Мысалы, жоғары сапалы статистикалық деректер пен талдау алу және пайдалану бойынша дамыған еуропалық елдердің тәжірибесін пайдаланған жөн», – деді Нұрдәулет Айдосов.

Ақпараттық деректердің мүмкіндіктері туралы банкир Jusan Bank-тегі кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтерді мысал ете отырып айтып берді. 

«Қазақстанда бизнеске төлем жасау, карта шығару, несие және басқа да классикалық қаржылық өнімдер сияқты банк өнімдері ұсынылады. Дегенмен, қазіргі уақытта кейбір екінші деңгейілі банктер төлемдерді жүзеге асыруға арналған онлайн-шоттар, бизнесті жүргізуге арналған автоматтандырылған онлайн-есепке алу және кейбір статистика сияқты қызметтердің жетілдірілген пакетін ұсынады. Мысалы, Jusan Bank Қазақстанда бизнес ашу және жүргізу туралы Ösim журналын шығарады», – деді Jusan Bank басқарма төрағасы. 

Іскерлік журналдың көмегімен банк клиенттерге заңнамадағы өзгерістер, басқа кәсіпкерлердің тәжірибесі: олардың жетістіктері мен қателіктері, қаржы менеджментін басқарудың ең жақсы тәсілі және т.б. туралы өзекті ақпаратты алуға көмектеседі.


Ал банктің Jusan Oracle онлайн-платформасында іскерлік шешімдер қабылдауға қажетті талдау жарияланады. Атап айтқанда, сатып алушылар ең көп келетін жерлер, сауданың орташа түбіртегі, бір шаршы метрге шаққандағы бизнестің шоғырлануы және басқа да деректер бар. Қазір бұл мәліметтер тек Алматы мен Астанаға ғана шығарылған, алдағы уақытта еліміздің басқа қалалары қамтылады. 

«Біз мұны клиенттермен бөлісеміз, олар өз әрекеттерін интуицияға емес, деректерге негіздейді», – деді Нұрдәулет Айдосов. Оның айтуынша, data driven decisions, яғни деректерге негізделген шешім жетістікке жетпек. 

Jusan Bank басшысы бұл қызметтердің ШОБ субъектілеріне мүлдем тегін көрсетілетініне де назар аударды.

«Ең бастысы, біз олардың өсуіне көмектесеміз. Осылайша, кәсіпкерлер біздің өнімдерді ғана емес, басқа да қаржылық емес қызметтерді пайдаланады. Біз банк ретіндегі табысымыз клиенттеріміздің табысына негізделген деп есептейміз, сондықтан қазақстандық кәсіпкерлердің дамуына көмектесуді өз міндетіміз деп санаймыз», – дейді банкир.


Нұрдәулет Айдосовтың айтуынша, Jusan Bank кәсіпкерлерді қолдауда қаржылық қызметтермен шектелмей, классикалық банк қызметіне жатпайтын сервистерді де ұсынады. 

«Bio-banking қызметін жеке атап өткім келеді. Ол банктің қаржылық емес қызметтері, яғни кәсіпкерлер банктің тікелей қызметіне жатпайтын сервистерді пайдаланады. Бұл біздің мақтанышымыз. Басты мақсатымыз – кәсіпкердің өз жұмысына ғана көңіл аударуы. Ал бухгалтерия, салық, ақпараттық қолдау және басқа да жұмыстарды клиенттерімізге біз орындап береміз», – дейді Jusan Bank басшысы. 

Нұрдәулет Айдосовтың айтуынша, Jusan Bank соңғы үш жылда қазақстандық бизнесті 1 трлн теңгеден астам сомаға қаржыландырған. Нәтижесінде 200 мың жұмыс орны ашылған.