Биыл жылдың алғашқы бес айының қорытындысы әлемдік автоөнеркәсіп іс жүзінде қалпына келгенін сенімді түрде көрсетіп отыр. 2023 жылдың қаңтар-мамырында әлем бойынша жаңа автокөлік сатылымы 34,8 млн болды, бұл 2022 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 10,5% артық. Әлемде сатылған әрбір үшінші жаңа көлік Қытайға тиесілі: 10,4 млн автокөлік, бір жылда 10,5% көбейген. Одан кейін АҚШ (6,3 млн автокөлік) және Батыс Еуропа (5,4 млн автокөлік).
Былтырғымен салыстырғанда Жапонияда жаңа автокөлік сатылымы айтарлықтай өсті: 17,5% көбейіп, 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында 2 млн болды. Одан кейінгі орында Шығыс Еуропа, оның ішінде Түркия және Батыс Еуропа – тиіінше 16,4% және 16,3% көбейген. Бұл ретте көршілес Ресейде биыл қаңтар-мамырда бар болғаны 225,5 мың жаңа көлік сатылғанын атап өткен жөн, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 26% аз.
Қазақстанда жағдай бүкіл әлемге қарағанда жақсы. Биыл қаңтар-мамырда сатылым 66,3 мың жаңа автокөлікке жетті, бұл 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда бірден 65,8% көп. Сонымен қатар, екінші ай қатарынан бір айдағы рекордтық көрсеткіш тіркелді. Биыл мамырда 14,7 мың жаңа көлік сатылды – бұл қазақстандықтардың автосалондардағы кезекпен ақыры қоштасқанын көрсетеді.
Қазақстанда жаңа автокөліктердің ең танымал брендтерін отандық Chevrolet және Hyundai зауыттары шығарады, олардың сатылымы жалпы көлемнің жартысынан көбін құртиісінше 17,6 мың және 17,4 мың. Қазақстанда да құрастырылған брендтің сатылымы бойынша алғашқы үштікті Kia жабады: бес айда 9,9 мың жаңа көлік.
Сондай-ақ биыл ең танымал брендтердің ондығына бірден 5 қытайлық көлік кірді: Chery (3,4 мың автокөлік), Haval (2,1 мың), Exeed (1,7 мың), Changan (1,6 мың) және Jac (1,5 мың). Сондай-ақ сатылымдардың басында Toyota (3,2 мың автокөлік) мен Lexus (1,4 мың) тұр.
Биыл мамырдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтар арасында ең танымал автокөлік үлгілері Chevrolet Cobalt (2,3 мың жаңа көлік сатылды), Hyundai Tucson (1,1 мың) және Kia Sportage (1,1 мың) болды.
Tucson-нан басқа ең танымал көліктердің ондығына Hyundai-дың тағы 4 моделі кірді: Elantra, Sonata, Santa Fe және Bayon. Тағы бір Chevrolet моделі, Nexia және бір Kia моделі, K5 де ең танымалдар қатарында. Сондай-ақ, биыл мамырдың қорытындысы бойынша, Chery Tiggo 7 Pro танымал автокөлік үлгілерінің тізіміне енді.