Банк секторының активтері 2026 жылғы 1 шілдеде, ағымдағы жылғы маусым айында негізінен өтімді активтердің 3,2%, 27,6 трлн теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 74,2 трлн теңгені құрап, 1,7% ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 4,9% өсім).
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 21,9 трлн теңгені немесе активтердің 29,6%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Банк секторының міндеттемелері 2026 жылғы маусымда заңды тұлғалар салымдарының 4,8% өсуі есебінен 1,8%, 63,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 4,7% өсім). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымындағы негізгі үлеске 80,5% немесе 50,7 трлнтеңгеге клиенттердің салымдары ие.
2026 жылғы маусымда банктердің меншікті капиталы жарғылық капиталды және кері сатып алынған акцияларды ұлғайту есебінен 1,1%, 11,2 трлн теңгеге дейін өсті (2026 жылдың басынан бері 5,6% өсім). 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,7%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 20,5%-ды құрады, бұл белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.
2026 жылдың басынан бері банктердің таза пайдасы 1 196 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 13,3% аз. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2026 жылғы 1 шілдеде 3,7%-ды
(2026 жылғы 1 маусымда – 3,8%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 24,1%-ды (2026 жылғы 1 маусымда – 25,2%) құрады.