2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде республикалық бюджеттің табысы 12,9 трлн теңгені құрады, бұл былтырғыдан 9,7% көп.
Ал шығын 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 22,5% көбейіп, 15,3 трлн теңгеге жетті.
Шығын мен табыс арасындағы айырмашылық 2,4 трлн теңге, ара қатынасы 118,5%. Салыстыру үшін: былтыр айырмашылық 720,9 млрд теңге, ара қатынасы 106,1% болған. Соңғы жылдары шығын табыстан үнемі асып түсіп келеді.
Биыл қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджет табысының 69,1%-ы салық түсімдері есебінен болды. Жалпы, жыл басынан бері қазынаға 8,9 трлн теңге салық түсті, бұл былтырғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда бірден 23% артық. Ең көп бөлігін қосылған құн салығы (4,1 трлн теңге), корпоративтік табыс салығы (2,4 трлн теңге) және акциздер (116,6 млрд теңге) құрады.
Салықтық емес түсімдер 245,7 млрд теңгені (бір жылда 1,9% көбейген), негізгі капиталды сатудан түскен табыс – 401,3 млн теңге (69,2% азайған).
Трансферттер 3,7 трлн теңге, былтырғыдан 12,4% аз.
Сенаторлар республикалық бюджетті шамамен 120 млрд теңгеге арттыруды ұсынды, деп хабарлайды Хабар24. Алдағы үш жылдағы қазынаны президент пен үкімет резервінен толықтыруға болады. Қаражат жолдарды, инженерлік желілерді жаңғыртуға, маңызды әлеуметтік және стратегиялық нысандарды салуға бағытталады, дейді ведомство басшысы.
Республикалық бюджет шығынына келетін болсақ, биыл қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша оның басым бөлігі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға тиесілі болды: 3,5 трлн теңге, бір жылда 8,4% көбейген. Мемлекеттік бюджеттің барлық шығынының 22,8%-ы.
Шығынның тағы 9,9%-ы денсаулық сақтау саласына жұмсалды: 1,5 трлн теңге – былтырғыдан 9,9% көп.
Одан кейін 5,1% үлеспен қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық, сот және қылмыстық-атқару қызметі саласына жұмсалған шығын: жыл басынан бері 785,9 млрд теңге, 21,5% көбейген.
Қарызға қызмет көрсетуге бюджеттен 1,6 трлн теңге жұмсалды, былтыр 1,1 трлн теңге болған. Жылдық өсім 42,5%. Трансферттер 3,7 трлн теңгені құрады, бұл ылтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда екі есе көп.