Былтыр қаңтар-қарашада мемлекеттік бюджет табысы бір жылда 20,4% көбейіп 22,2 трлн теңге болды.
Бұл ретте мемлекеттік бюджет шығыны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 24,4% артып, 23,1 трлн теңгеге жетті.
Шығын мен табыс арасындағы айырмашылық 899,2 млрд теңге, шығынның табысқа қатынасы 104,1%. Салыстыру үшін: былтыр бұл көрсеткіш 100,7% болған.
2023 жылғы қаңтар-қарашада мемлекеттік бюджет шығынының ең үлкен үлесі (22%) білім беру саласына тиді: 5,1 трлн теңге, жылдық өсім 27,4%.
Одан кейін әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру (4,8 млрд теңге, 17,4% көбейген), денсаулық сақтау (2,1 млрд теңге, 10,4% көбейген), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (1,5 млрд теңге, 44,9% көбейген), көлік және коммуникация (1,4 млрд теңге, 29,3% көбейген).
Бір жыл бұрынғы 1,3 трлн теңгемен салыстырғанда қарызға қызмет көрсетуге жұмсалған шығын 1,8 трлн теңгені құрады. Жылдық өсім 40,8%.
Өз кезегінде, табыстың басым бөлігі дәстүрлі түрде мемлекеттік бюджетке салық түсімдері есебінен түсті – 74,8% немесе 2023 жылдың он бір айында 16,6 трлн теңге, бұл бір жыл бұрынғыдан 22,9% артық. Оның ішінде қосылған құн салығы – 5,3 трлн теңге, корпоративтік табыс салығы – 3,9 трлн теңге, жеке табыс салығы – 1,8 трлн теңге, әлеуметтік салық – 1,2 трлн теңге, акциздер – 764,4 млрд теңге болды.
Салықтық емес түсімдер бір жылда 2,6 есе өсіп, 1,5 трлн теңгеге жетті. Негізгі капиталды сатудан түскен табыс 28,1% азайып, 147,3 млрд теңге болды.
Бұл ретте трансферттердің түсімдері 3,9 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 5% аз.