2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) сауда- саттығының көлемі 1 169,3 млрд теңгені құрады және 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,4 % өсті. 2021 жылдың алдыңғы төрт айлық кезеңімен (қыркүйек-желтоқсан) салыстырғанда 30,7 % өсті.
2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан қор биржасында (KASE) нарықтың барлық секторларында сауда-саттық көлемі 86 714,8 млрд теңгені (баламасы 190 602,3 млн АҚШ долларын) құрады және 2021 жылдың тиісті кезеңіне қатысты 85,0%-ға (долларлық мәнде 71,7%-ға) өсті. 2021 жылдың алдыңғы төрт айлық кезеңімен (қыркүйек-желтоқсан) салыстырғанда 14,0 % өсті.