2023 жылы ақылы жолдардан шамамен 31,9 млрд теңге түсті, деп хабарлайды Қазавтожол.
2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі автомобиль жолдардың 17 ақылы учаскесінен шамамен 31,9 млрд теңге түсті. Бұл қаражат 3221 шақырымды құрайтын ақылы учаскелерді күтіп-ұстауға, оның ағымдағы жөндеу жұмыстарына және төлем алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін пайдалануға жұмсалды.
Яғни, 31,9 млрд теңгені 3221 шақырымға шаққанда, бір шақырым жылына орта есеппен 9,9 млн теңге табыс табады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бір шақырым жолды күтіп ұстауға 3,2 млн теңге кететінін есептеген едік.
Компания хабарлауынша, ақылы жолдан жиналған қаражат бірнеше негізгі бағыттар бойынша бөлінеді, ол жолдарды тиімді пайдалануға әрі оны қажетті жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік береді. Шығынтардың негізгі баптарын қарастырайық.
1. Учаскелерді күтіп-ұстау:
- ақылы автожолдардың күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстары;
- өндірістік персоналдың еңбекақы қоры;
- жанар-жағармай материалдары;
2. Техникалардың қызметі;
- Өндірістік материалдар;
- Мердігер мекемелердің қызметі;
- Өндіріс базасын күтіп-ұстау;
- Басқа да жұмыстар мен қызметтер.
2. Төлем алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін пайдалану:
- Төлем алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстау қызметі;
- Өндірістік персоналдың еңбекақы қоры.
3. Әкімшілік-басқару персоналына:
- Еңбекақы қоры;
- Басқа да тауарлар, жұмыстар, қызметтер (офисті жалға алу, іссапар шығындары, салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер және т.б.).
4. Басқа да шығындар.
5. Бюджетке түсетін корпоративті табыс салығы.
6. Күрделі салымдар (жол пайдалану техникасын және бағдарламалық-аппараттық кешенінің жабдықтарын сатып алу).
Қазақстанның ақылы жолдары дамып жатыр. Оларды пайдаланудан түскен қаражат қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуде және жол инфрақұрылымын жақсарту үшін маңызды қаржыландыру көзі болмақ.