2023 жылдың қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша, Қазақстан көптеген санаттар бойынша көкөніс импортын қысқартты. Мысалы, ақ қырыққабат импорты 57,6%, 38,6 мың тоннаға, сәбіз – 45,1%, 22 мың тоннаға, бұрыш – 36,9%, 17,6 мың тоннаға, сарымсақ – 36,4%, 2,6 мың тоннаға, бақша дақылдары – 25,4%, 45,2 мың тоннаға дейін, қызанақ – 17,1%, 43,4 мың тоннаға, қызылша – 7,1%, 8,6 мың тоннаға дейін азайды.
Сонымен қатар, қияр импорты 12,4%, 8,9 мың тоннаға, картоп – 12,3%, 51,1 мың тоннаға, баялды – 8%, 2,4 мың тоннаға, пияз – 2%, 199,3 мың тоннаға дейін көбейді.
Кей санаттар бойынша экспорт өсті, кейбіреулерінде айтарлықтай өсті. Мысалы, сарымсақ экспорты 9,9 есе, 4,5 мың тоннаға, сәбіз – 6,3 есе, 17,6 мың тоннаға, баялды – 2,7 есе, 122,9 тоннаға, картоп – 2,4 есе, 185 мың тоннаға, қырыққабат – 2,4 есе, 13,4 мың тоннаға, пияз – 2,3 есе, 97,1 мың тоннаға, бұрыш – 93,4%, 1,2 мың тоннаға, бақша дақылдары – 35,5%, 23,6 мың тоннаға, қызылша – 23,7%, 1,1 мың тоннаға, қияр – 19,8%, 3,8 мың тоннаға, қызанақ – 13,5%, 13,7 мың тоннаға дейін өсті.
Баялды (19,7 есе), бұрыш (14,4 есе), қызылша (7,7 есе), қызанақ (3,2 есе), қырыққабат (2,9 есе), қияр (2,3 есе), пияз (2,1 есе), бақша дақылдары (91,8%), сәбіз (25,3%) сияқты санаттар бойынша көкөніс импорты экспорттан асып түсті. Сарымсақ пен картопта жағдай басқаша, мұнда экспорт импорттан тиісінше 73,9% және 3,6 есе артық.
Биыл екінші тоқсанда тұрғындардың көкөніске жұмсаған шығындары орташа есеппен 34,3 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 3% артық.
Өңірлер бойынша Түркістан облысының тұрғындары көкөніске ең көп жұмсаған: 53,8 мың теңге, бір жылда 8,5% азайған. Одан кейін Қызылорда облысы (41,2 мың теңге, 3% көбейген) және Алматы қаласы (38,9 мың теңге, 3,2% көбейген).
Ең төменгі көрсеткіштер Абай облысында тіркелді: бір отбасына тоқсанына небәрі 20,2 мың теңге – 2022 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 1,1% аз.
2023 жылдың қазанында көкөніс бір айда 1,3% арзандады. Алайда, жылдық динамика бойынша бағаның 17,3% өсуі тіркелді.
Өңірлер бойынша ай сайынғы динамика бойынша көкөніс бағасының ең көп өсуі Қарағанды облысында байқалды – 2,9%. Бұл ретте қыркүйекпен салыстырғанда бағаның төмендеуі еліміздің 14 өңірінде байқалды.
Жылдық динамика бойынша бағаның ең үлкен өсімі Астана қаласында (35,2%), ең азы Маңғыстау облысында (3,6%) тіркелді.
Көкөніс түрлері бойынша бір айда қырыққабат, сәбіз, қызылша, пияз және картоп арзандаса, қызанақ пен қияр керісінше қымбаттады.
Жылдық динамика бойынша қырыққабаттың, сәбіздің, қызылшаның және пияздың бағасы көтерілсе, қызанақ, қияр және картоп бағасы төмендеді.
ҚР дүкендері мен базарларында қырыққабаттың килосы орташа есеппен 160 теңгеден, сәбіз – 181 теңгеден, қызылша – 247 теңгеден, пияз – 113 теңгеден, қызанақ – 533 теңгеден, қияр – 457 теңгеден, картоп – 145 теңгеден сатылуда.