Катардың Lesha Bank инвестициялық банкі Бәйтерек холдингіне тиесілі Bereke Bank-ті сатып алу бойынша мәміленің жабылғанын хабарлады. 

Мәміле сомасы 65 млрд теңгені құрады. Айта кетейік, банктің меншікті капиталының өзі биыд 1 сәуірде 163 млрд теңге болған. 

Мәміле 31 наурызда жабылды, бірақ әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Осы күннен екі апта бұрын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова Lesha Bank пен Bereke Bank иесі «Бәйтерек» холдингі арасындағы келіссөздердің соңғы кезеңіне келгенін айтты.

Bereke Bank-тің сатылатыны ақпан айының ортасында белгілі болды. Содан кейін Lesha Bank «Бәйтерек» портфелінен несиелік ұйымды сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланды. Холдинг «Береке банктен» басқа, ипотекаға маманданған «Отбасы банкі» мен даму институты ретінде ерекше мәртебеге ие Қазақстанның Даму банкі иелік етеді.

2022 жылдың күзіне дейін Bereke Bank ресейлік Сбербанкке тиесілі болды.

Айта кетейік, қазір бұдан басқа елде шетелдік үш банк бар, олар: түріктің KZI Bank (Ziraat Bankasi еншілес ұйымы), Иржи Шмейц бастаған чехиялық инвесторлар тобына тиесілі Home Credit Bank және Абу-Даби Коммерциялық банк тобына кіретін Al Hilal ислам банкі.