Яндекс Плюс туралы не білеміз? Қазақстандағы заманауи сервистерге тиімді қолжетімділік туралы айтып берейік.

Плюс-тағылар үшін: неге пайдалы?

Яндекс Плюс  бұл ойын-сауық және білім беру контентін пайдалану мүмкіндігі. Кинопоиск-те фильмдері мен хикаялары, Яндекс Музыка-да тректері мен подкасттары және Яндекс сервистерінде сатып алуға, сапарларға және ойын-сауыққа жұмсауға болатын кешбэк ұпайлары бар мультисервистік жазылым.

Карина в Плюсе: ойын-сауық пен білімге апаратын жаңа жол

Яндекс-тен түрлі қызметтер мен өнімдерге Плюс-тің бірыңғай жазылымы қазақстандық пайдаланушыларға күн сайын өмірден көбірек ләззат алуға көмектеседі. Сондықтан Қазақстанда мультсервистілік туралы әңгімелейтін «Карина в Плюсе» пайда болды. Жазылушы Яндекс Плюс-тің барлық контентіне қолжетімділік алады.

Карина деген кім?

«Карина в Плюсе»  бұл Яндекс Плюстің артықшылықтарын ашатын жарнамалық роликтің кейіпкері. Ол Яндекс-те таксимен жүру және сатып алу кезінде кешбэк алу мүмкіндігін бұрыннан бағалайды, бірақ жазылымға басқа да сервистердің кіретінін енді ғана білді.

Қазақстандағы Яндекс Плюс-тің маркетинг бойынша СМО маманы Юлия Кимнің айтуынша, бұл жарнамалық науқан Плюс-ке жалғыз бірыңғай жазылым ұсынатын кең мүмкіндіктерді еске салады. «Плюс – бұл біздің жазылушыларымыз бен олардың жақындарына әртүрлі контентке  музыкаға, кинофильмдерге, кітаптарға қолжетімділік алуға мүмкіндік беретін сервис».

Яндекс Плюс-ке не кіреді?

Яндекс Плюс қазақстандықтарға Кинопоиск-ке, Яндекс Музыка-ға және Букмейт-ке толық қолжетімділік береді. Бұл дегеніміз, сіз фильмдер мен хикаяларды жарнамасыз тамашалай аласыз, музыканы жоғары сапада тыңдай аласыз және кез-келген уақытта кітап оқи аласыз. Бірақ ол мұнымен ғана шектеліп қалмай, Яндекс Go, Яндекс Афиша және Яндекс Еда сервистерінде адалдық бағдарламасын қамтиды. Бір жазылымды 4 адамға дейін пайдалана алатынын атап өту маңызды – ал бұл қазақстандық отбасылар үшін тиімді ұсыныс.

«Біз Қазақстан нарығында сервисімізді дамытуға мүдделіміз. Қазақстандықтар үшін контент-репертуарды кеңейту, оны қызықты әрі қолжетімді ету жоспарлануда. Бірақ біз мұнымен шектелмейміз  біз Яндекс Плюс жазылушыларына тиімді опцияларды ұсынуда науқандарды серіктестерімізбен бірге іске қосамыз»,  деп қосты Юлия Ким.

Плюс-те бүкіл отбасымен бірге

Яндекс Плюс  бұл бір адамға ғана арналған жазылым емес. Сіз бүкіл отбасыңызды сервистерге қолжетімділікпен қамтамасыз етіп, үш аккаунтқа дейін қоса аласыз. Плюс айына 1499 теңге тұрады және төлем бір шоттан жүргізіледі. Бұл отбасының әрбір мүшесі өз құрылғыларында өзінің сүйікті контентін шектеусіз және құпиялылықты сақтай отырып пайдалана алатынын білдіреді.

Плюс-те бүкіл отбасымен бірге  бұл балаларға оқуға, ата-аналарға музыканың, киноның, телехикаялар мен телеарналардың кең таңдауына, оның ішінде қазақ тілінде қол жеткізу. Плюс бүкіл отбасына қамқорлық жасауға көмектеседі.

«Біз өз сервистерімізді жас балалардан бастап ересектерге дейінгі барлық адамдарға қызықты әрі қолжетімді етуге тырысамыз», – дейді Александр Фролов Қазақстан мен Орталық Азиядағы Яндекс Плюс-тің CEO маманы. «Яндекс Плюс  бұл ойын-сауық қана емес, сонымен қатар Қазақстанның кино және музыка индустриясын жергіліктендіру және қолдау».

Қазақстандағы Яндекс Плюс туралы тағы не айтып бере аламыз?

Яндекс Плюс жас белгісіз қазақстандық орындаушыларды қолдайды, осылайша Яндекс Музыка-дан ISKRA Qazaqstan музыкалық жобасы пайда болды. Ал жақында Кинопоиск-те танымал «Леди Баг и Супер Кот» анимациялық фильмі қазақ тілінде дыбысталды, сондай-ақ отандық киноның тарихы және онлайн-кинотеатрда үнемі жарияланатын басқа да көптеген қазақстандық фильмдер туралы бейнеэссе шықты.

Плюс  бұл қазақстандық контент өндірісі, жаңа жұмыс орындары, Қазақстанның киноиндустриясын дамыту секілді елдің ойын-сауық индустриясын қолдайтын жергілікті сервис.

Яндекс Плюс  бұл жай ғана жазылым емес, бұл ойын-сауық пен білімнің бай әлемінің кілті. Плюс музыкадан бастап кино мен кітаптарға дейінгі контентке шексіз қолжетімділік береді. Отбасылық бағдарлану, мәдени және креативті бастамаларды қолдау Плюсті сапалы контент пен тиімді ұсыныстарды бағалайтын қазақстандықтар үшін тамаша таңдау етеді.