Шектеулі жұмыс режимі аясында банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2020 жылғы сәуірдің соңында 14 052,6 млрд теңгеге дейін бір айда 1,8%-ға төмендеді, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 315,0 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға, жеке тұлғаларға – 6 737,6 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға азайды.
Ұлттық валютамен кредиттер көлемі бір айда 11 650,3 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,8%-ға, ал жеке тұлғаларға – 1,9%-ға азайды.
Шетел валютасымен кредиттер көлемі 2 402,3 млрд теңгеге дейін 3,5%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 3,4%-ға, жеке тұлғаларға – 5,1%-ға азайды.
Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2020 жылғы сәуірдің соңында 82,9%-ды (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%-ды) құрады.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 12 040,0 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға азайды, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 2 012,7 млрд теңгеге дейін 3,4%-ға азайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы сәуірде 2 044,9 млрд теңгеге дейін (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 14,6%-ы) 3,8%-ға азайды.
Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға кредиттерінің айтарлықтай сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,7%), сауда (12,3%), құрылыс (4,7%) және көлік (3,7%) сияқты салаларға тиесілі.
2020 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,1%-ды (2019 жылғы сәуірде – 12,0%), жеке тұлғаларға – 17,1% (18,5%) құрады.