Телефондағы қосымшаның штрих-кодын сканерлеу арқылы сауда орындарында төлем жасау күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналып кеткені рас. Яғни, көпшілік портативті электронды құрылғының бір тетігін басу арқылы өнімге немесе қызметке қол жеткізе алатын болды. Бұл электронды әмияндар пластикалық карталарды қаржы нарығынан ығыстырып отыр деген сөз.
Бұл жаңашылдық тұрмысымызға қалай еніп кетті? Соны еске түсіріп көрейік. 2014 жылдан бастап PayPal және Apple Pay сияқты қосымшалар жасалды. Олар арнайы штрих-кодты смартфон экранынан өткізу арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жеке карталармен салыстырғанда, құпиялылық пен қауіпсіздікке қатысты артықшылықтары бар.
Мобильді төлемдердің артықшылықтарына тереңірек тоқталайық. Мобильді төлемдердің айқын пайдасы – физикалық әмиянды жою. Бұл ретте, қолма-қол ақша алып жүрудің әуресі қалмады. Тіпті, жаныңда карта болудың қажеті жоқ. Барлық операциялар телефон арқылы орындалатындықтан, адамның уақытын үнемдейді. Бастысы, қауіпсіз. Сервистердің құпиялығы жоғары деңгейде. Мәселен, телефон жоғалған жағдайда, деректерді ешкім ала алмайтындай қорғалған. Сонымен қатар, сіздің әмияныңыздың ішінде қанша қаржы барын өзге біреу көре алмайды. Кезекте тұрудың, картаны іздеудің, тіпті, құпия сөз енгізудің қажеті болмай қалды.
Қауіпсіз онлайн төлем қолданбалары қандай?
- Google Pay — Android пайдаланушылары үшін жақсы.
- Apple Pay — Apple пайдаланушылары үшін тиімді.
- Samsung Pay — Samsung құрылғыларына арнап дайындалған.
Пластикалық карталарға қарағанда, электрондық әмияндар жете дамыған елдің бірі — Қытай. Банк жүйесі экономиканың даму қарқынына үлгере алмағандықтан, Қытайда пластикалық карталардың жаппай таралу кезеңі болған жоқ. Халық бірден электронды төлем құралдарына көшті. Ал технологияның дамуы бұл үдерісті одан әрі күшейте түсті.
Қазақстанда электрондық әмияндардың дамуы бастапқыда баяу жүргені жасырын емес. Өйткені, еліміз бойынша смартфон мен интернетке қолжетімділік айтарлықтай жоғары деңгейге жетпеді. Ауылдық жерлер мен елді-мекендерде электрондық төлем құралдарын әлі де дамыту қажеттілігі бар. Алайда, қазір түрлі деректер бойынша, орташа есеппен Қазақстанда интернетке қосылу 90 пайыздан асады, жалпы елде 20 млн-ға жуық мобильді байланыс абоненті болса, оның 17 млн-нан астамы интернетке қосылған.
Осы орайда, Jusan Business карталары арқылы кәсіпкерлерге Apple Pay және Google Pay-де төлем жасау мүмкін бола түсті.
Аталған жаңашылдық тұтынушыларға 22 ақпаннан бастап қолжетімді. Мәселен, банк картасын ұмытып кеткен жағдайда, Apple Pay немесе Google Pay арқалы төлем жасай беруге болады. Ол үшін Jusan Business қосымшасы арқылы кез келген әмиянға картаны тіркеп қою жеткілікті. Бұл ретте, пластик картаны шығармай-ақ, цифрлы картаны пайдалана беруге болатынын атап өткен жөн. Осы үрдісті банкке бармай-ақ орындай беруге болады. Бастысы, уақытыңызды үнемдейді. Жалпы, банктің бұл қызметі жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшыларына таптырмас мүмкіндік.
Жалпы, жаңа өнім шығарушылардың арқасында Jusan Bank онлайн қызметтері кез келген адамға қолжетімді. Мәселен, Jusan Bussines интернет банкингін ай сайын 100 мың астам адам пайдаланады.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.