2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банк секторының активтері банк клиенттері салымдарының 38,5 трлн теңгеге дейін 2,8% ұлғаюы аясында, негізінен өтімді активтердің 5,5% немесе 1,2 трлн теңгеге өсуі есебінен биыл шілдеде 2,6% немесе 1,5 трлн теңгеге ұлғайып (2024 жылдың басынан бері 10,4% немесе 5,3 трлн теңгеге өсіп), 56,8 трлн теңгені құрады. Сондай-ақ, активтердің өсуіне банктердің несие портфелінің 32,5 трлн теңгеге дейін 1,5% немесе 0,5 трлн теңгеге дейін ұлғаюы ықпал етті.
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 17,2 трлн теңгені немесе активтердің 30,2%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Банк секторының міндеттемелері 2024 жылғы шілдеде негізінен банктердегі заңды тұлғалардың салымдарының 16,6 трлн теңгеге 5,1% өсуі нәтижесінде 2,5% 49,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 10% немесе 1,2 трлн теңгеге өсті).
Банктердің меншікті капиталы негізінен ағымдағы жылғы бөлінбеген таза пайданың ұлғаюы нәтижесінде 2024 жылғы шілдеде 3,7%, 7,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 13,2% немесе 909 млрд теңгеге өсті). 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,7%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 21,6%-ды құрады (01.01.2024ж. – 21,5%), бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір артық және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2024 жылғы қаңтар-шілдеде банктердің таза пайдасы 1 389 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,3% көп. Банктік активтердің рентабельділігі (ROA) 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 4,5%-ды (2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша – 4,6%), капитал рентабельділігі (ROE) 33,2%-ды (2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша – 37,5%) құрады.