Қазақстандық банктердің таза пайдасы қаңтар-қыркүйек айларында бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 17% өсіп, 1,8 трлн теңгені құрады, деп жазылған Ұлттық банктің статистикасында.
Абсолютті көрсеткіштер бойынша үздік 5 банк:
- Halyk Bank — 599,9 млрд теңге (+19%);
- Kaspi Bank — 378,7 млрд (+9,2%);
- BCC — 139,1 млрд (+40%);
- Jusan Bank — 120,3 млрд (+61,9);
- ForteBank — 113,3 млрд (+62%).
Өсу қарқыны бойынша абсолютті көшбасшы Заман-Банк Ислам банкі, ол өзінің таза кірісін 23 есе дерлік 47,9 млн теңгеден 1,1 млрд теңгеге дейін ұлғайтты.
Одан кейін Банк ВТБ (Қазақстан) 10,5 млрд теңгеден 32,1 млрд теңгеге дейін 3 есеге жуық өсім көрсетті.
Ал антилидерлер:
- Еуразиялық банк — 27% немесе 63,3 млрд теңгеге дейін;
- Отбасы банкі — 18,8% немесе 22,1 млрд теңге, 94,9 млрд теңгеге дейін;
- Ситибанк Қазақстан — 9,5%, 78,5 млрд теңгеге дейін азайтты.